Госорганы
Ержан Сәденов Францияның полициясы қалай жұмыс істейтінін өз көзімен көріп қайтты

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жұмыс сапарымен Франция және Нидерланд Корольдігіне барып, осы елдегі полиция басшылығымен кездескен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Polisia.kz жазғандай, сапар аясында Сәденов Францияның істер министрі Брюно Ретайомен келіссөз өткізген.
«Екіжақты кездесу қорытындысы бойынша тараптар трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, есірткі қылмысы, заңсыз көші-қон, экстремизм және интернет-алаяқтықпен күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Жол картасына қол қойды. Сондай-ақ Қазақстан делегациясы Париж қаласындағы жедел орталықтың, Арнайы мақсаттағы бригаданың және Франциядағы киберорталықтың жұмысымен танысты», — деп хабарлайды дереккөз.