Конституциялық сот баланың ұлтын анықтау ережесіне өзгеріс енгізді

Конституциялық сот баланың ұлтын ата-анасының ұлтына қарай ғана емес, ата-анасы туралы ақпарат болмаған жағдайда да анықтауға рұқсат беретін шешім шығарды. Бұл шешім ата-анасы белгісіз немесе ұлтын растайтын құжаттары жоқ балаларға қатысты болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Конституциялық сот «Неке және отбасы туралы» кодекстің 65-бабының бір бөлігі «Баланың ұлты» Конституцияға қайшы деп тапты. Себебі бұл бап бойынша ата-анасы туралы ақпарат жоқ болса, баланың ұлты анықталмайды.
Қазақстандық келіншек асырап алған баласының ұлтына байланысты Конституциялық сотқа шағымданды. Анасы қайтыс болған және құжаттары жоқ, ал әкесі туралы ешқандай мәлімет жоқ. Осыған байланысты АХАЖ құжатқа баланың ұлтын көрсетуден бас тартты. Соттар «Неке және отбасы туралы» кодекстің 65-бабына сүйене отырып, ұлтын анықтаудан бас тартқан. Яғни ке мдегенде ата-анасының біреуінің ұлты болуы керек деген.
Конституциялық сот мұндай норма адамның Конституцияда бекітілген өзін-өзі анықтау құқығын бұзады деп шешті.
Егер баланың ата-анасының ұлты белгісіз болса, басқа шешім ұсынылуы керек. Егер адам ресми құжаттарда өзінің ұлтын көрсеткісі келсе, мемлекет мұндай ақпаратты тексеруге құқылы екенін атап өтті.
Еске салсақ, Конституциялық сот әлеуметтік кодекстің бір бабы бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан әкелердің құқықтарын шектейді деп мәлімдеген еді.