Госорганы

Олигархтардан тәркіленген жүздеген миллионның бұйымдары аукционда өтпей қалды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna веб-порталында өтетін аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықтар туралы мәлім еткен болатын. Алайда олигархтардан тәркіленген қымбат әшекейлерді ешкім сатып алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУКЦИОН ҚАШАН ӨТТІ

Бағаны көтеру форматы бойынша аукционға 63 зергерлік бұйым қойылған болатын:

‒ 4 наурыз — 15 актив сатылуы керек болған.

‒ 5 наурыз — 10 актив,

‒ 6 наурыз — 36 актив,

‒ 7 наурыз — 2 актив.

ҚЫЗЫҚ ЛОТТАР

4 наурызда аукционға «YEPREM» гауһар тасты ақ алтын сақина шыққан болатын. Құны: 14,7 млн ​​теңге.

Ақ алтыннан жасалған Frank Muller моншағының құны 7,5 миллион теңге болған.

Моншақ жалпы 230 таспен көмкерілген. Әшекей де салмағы 4,6 карат ақ гауһар тастармен көмкерілген.

Сақинасы бар Yana Jewellery білезігі, сары алтыннан жасалған. Құны 3,3 миллион теңге.


cabinet-auction.e-qazyna.kz

 

Ақ-сары алтыннан жасалған Frank Muller сақинасы. Құны 4,3 миллион теңге.


cabinet-auction.e-qazyna.kz

Салмағы — 9,78 грамм, әшекей 58 алмаспен көмкерілген.

Ал 5 наурызда құны 55 миллион теңге тұратын гауһар тастары бар Van Cleef & Arpels желісі сатылымға шығарылады.

5 наурыз күні 7,2 миллион теңге тұратын ақ және сары алтыннан жасалған “Frank Muller”  білезігі көрмеге қойылады.

АУКЦИОНҒА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ

Активтер ашық және бәсекеге қабілетті шарттар бойынша өтеді. Бұл қатысушыларға бәрі тең дәрежеде қолжетімді болады деген сөз. Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнасын төлеп, қызықтырған лотқа өтінім беру қажет.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС барлық мүдделі тұлғаларды осы бірегей мүмкіндікті пайдаланып, зергерлік бұйымдарды тиімді шарттармен сатып алуға шақырады.

Другие новости

Back to top button