Ақша
Цифрлы технологиялар қазақстандағы ақылы автотұрақтан түсетін пайданы 20 млрд теңгеге жеткізген
Бүгін үкімет отырысында белгілі болғандай, цифрлы технологиялардың арқасында еліміздегі ақылы автотұрақтардың табысы бір жылда 20 млрд теңгеге жеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, елімізде 200-ден астам нысанның автотұрағы циярлы даму платформасына қосылған. Олардың арасында әуежай, қонақ ұй, бизнес-орталықтар мен сауда орталықтары бар.
Мәселен, цифрлық технологияларды енгізудің арқасында тек «Қорғастағы» тұрақ табысы айына 200 мың теңгеден 20 млн теңгеге дейін өскен. Осы цифрлы платформа орнатылмай тұрып Астана әуежайының автотұрағы айына 30 млн теңге тапса, қазір 150 млн теңге кіріс көреді.