АИ-92 бензині 5 теңгеге қымбаттайды
Жанар-жағармай келесі айдан бастап қымбаттайды. Баға 5 теңгеге өсіп, АИ-92 маркалы бензиннің литрі 210 теңгеге барады. «Алаңдауға негіз жоқ, жағдай бақылауымызда», — дейді Энергетика министрі. Сондай-ақ «жанар-жағармай 400 теңгеге қымбаттайды» деп әлеуметтік желіде тараған ақпаратты да жоққа шығарды.
Қазіргі жағдайда бағаның өсуі — заңдылық. Өйткені бізге өңдеу және мұнай салаларына көбірек инвестиция тарту қажет. Сондай-ақ, ел бюджетін толықтыру да маңызды. Осының бәрін ескеріп, қазақстандықтардың қалтасына айтарлықтай салмақ түсірмейтіндей баға белгілейміз, – деді министр.
Ол алғашқы бағаның көтерілуі 5 теңгеге дейін болады деп күтіп отырмыз деп айтты. 4 теңге болуы да мүмкін. Әрі қарай бағаның өзгеруіне біз өте қатты ден қоямыз дейді.
Еске сала кетсек, 28 ақпан күні Сәтқалиев жанар-жағармай өнімдерінің бағасы қымбаттайтынын мәлімдеген болатын. Министр бензин мен дизель отынының, сұйытылған мұнай газының бағасы ақпаннан, тауарлы газ бағасы жазда көтерілетінін жеткізді.