Туркестанская область

Түркістан облысында мыңнан астам мектеп тозып тұр — депутат

Бұл мәселе оқушылардың сапалы білім алуына кедергі келтіріМәжілістің жалпы отырысында депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Темір Қырықбаев Түркістан облысындағы мектептердің жай-күйі туралы мәселе көтерді. Айтуынша, өңірдегі мыңнан астам мектептің көпшілігі жөндеу көрмеген, заманауи талаптарға сай келмейді, балалардың білім алуына кедергі келтіріп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында алдағы 3 жылда еліміздегі 1300 мектепті жаңғырту жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл шешім – білім беру сапасын жақсартуға және мектептердің инфрақұрылымын жаңартуға арналған бастама. Осы ретте, аталған жоба аясында Түркістан облысындағы мектептердің жай-күйіне ерекше көңіл бөлу қажет. Түркістан облысы демогрфиялық өсім жағынан алдыңғы қатарда. Сондықтан 1 мыңнан астам орта мектеп тек Түркістан облысында орналасқан, олардың басым көпшілігі күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы орайда, мектептердің заманауи стандарттарға сәйкес келмеуі, материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі және санитарлық талаптардың сақталмауы секілді мәселелер оқушылардың сапалы білім алуына кедергі келтіруде», — деді ол.

Депутат 1300 мектепті жаңғырту жоспарының сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету үшін ұсыныстарын білдірді.

«Күрделі жөндеу жоспар аясында, апатты жағдайда тұрған немесе күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің нақты тізімі жасалып, Түркістан облысына ерекше басымдық болуын ұсынамыз. Бұл өңірде мектептерді жөндеу жұмыстары бірінші кезекте жүзеге асырылуы қажет. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері: мектептерді жаңғыртуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мүмкіндіктерін қарастыру арқылы қосымша инвестициялар тартуды ұсынамыз. Бұл жұмыстардың тиімділігін арттырып, бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», — деді ол.

Другие новости

Back to top button