Ақша

21 трлн теңге қарыз: омбудсмен халық несиеге әбден батып кеткенін растады

Банк омбудсмені Дархан Нұрпейісов Қазақстанда халықтың несиені көп алуы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Брифингте Ulysmedia.kz тілшісі сұрақ қойып, 2021 жылы халықтың несиесі 8,6 триллион теңгеге жеткенін атап өтті. Ал 2024 жылы халықтың кредиті 21 триллион теңгеге жеткен.

Дархан Нұрпейісов халық несиеге әбден батып кеткенін растады. Сонымен қатар, омбудсмен халыққа берілген несиелердің көбі тұтынушылық кредиттер екенін атап өтті.

— Мен сіздің айтқаныңызбен толық келісемін, халық несиеге әбден батып кеткен. Менің ойымша, бұл халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығы секілді жаһандық мәселемен байланысты. Ең бірінші кезектегі, әрине, несие алуға мәжбүр болып жүрген халықтың әл-ауқаты проблемасы да бар. Несиелердің көбі – күнделікті мәселелерді шешуге арналған тұтынушылық кредиттер, дейді ол.

Нұрпейісов бұл мәселені үкіметпен және банктермен бірлесіп шешу керегін айтты

Другие новости

Back to top button