Образование

Қазақстан енді колледждің бір студенті үшін 912 мың теңге жұмсайды

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстандағы колледждердің бір студентін даярлау үшін жылына 912 мың теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін үкіметте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бұрын бұл қаражат екі есеге аз еді.

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының көптен күткен жаңалығы — 2025 жылы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері ұлғаяды. Қазір қолданыстағы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес 1 студентті даярлау үшін бөлінетін қаржының орташа мөлшері 437 мың теңге болса, ол енді орташа есеппен 912 мың теңге болады», — деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, бұған дейін біз 2025 жылы шәкіртақы неше теңгеге көбейетінін жазған болатынбыз. 

Другие новости

Back to top button