Алматинская область

Атышулы Хасанның ағасы Аслан Қасымбаевтың қызметтен неге кеткені белгілі болды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғардағы «Хуторские» қылмыстық тобы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкім Талғарда заң анықтама бергендей қылмыстық топтың жоқ екенін айтады.

«Бұл жағдайға байланысты құқық қорғау органдары жауап берген. Шын қылмыстық топтың өзіне тән белгілері болады, олардың бөлек мақсаты болады. Ал құқық қорғау органдары ондай жоқ екенін мәлімдеген. Өңірдің әкімі, тұрғыны және осы жерде өсіп-өнген адам ретінде айтарым,  заңда анықтама берілгендей қылмыстық топ жоқ», — деді ол.

Марат Сұлтанғазиев желіде «Хуторские» қылмыстық тобының жетекшісі ретінде аты аталған Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаевтың Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен өз еркімен кеткенін айтты.

Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынған еді. 

Другие новости

Back to top button