Госорганы
Аязды күндер келе жатыр: демалыста ауа райы -23 градусқа дейін суытады
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 23-25 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын шашынсыз болады.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады», — делінген ауа райы болжамында.
Синоптиктер Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градус аязға дейін, еліміздің қиыр шығысында 23 градус аязға дейін төмендейді деген болжам жасады.