Туркестанская область
Шардараның білім бөлімі 3,7 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінді (ВИДЕО)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөліміне қатысты қылмыстық істі тергеп бітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анықталғандай, білім бөлімі мен оған бағынысты бухгалтерлер, яғни, жалпы саны 12 адамнан құралған ұйымдасқан топ 2020-2023 жылдары бюджеттен бөлінген 3,7 млрд теңгені жымқырды деген күдік бар.
«Қабылданған шаралардың арқасында жалпы сомасы 639,8 млн теңгенің залалы өтеліп, мүліктері бұғатталға. Қазір әкімдіктер ай сайын білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүйелерін қазынашылық есептерімен автоматты түрде салыстырып отырады. Кез келген сәйкессіздіктер екі рет тексеріледі», — деп ескертті Антикор.
Дереккөзге сүйенсек, жалпы, осы жылдың басынан бастап осы салада барлығы 297 қылмыстық іс тіркеліп, 406 адамның қылмысы әшкере болған.