Алматинская область
Желіде Талғар маңындағы ауылда қоқыста жатқан елтаңбалардың видеосы тарады
Алматы облысының Талғар ауданына қарайтын ауылда мемлекеттік рәміздер қоқысқа тасталған. Әлеуметтік желіде тараған видео қазақстандықтардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео Талғар ауданының Еркін ауылында түсірілген. Кадрдан бірнеше елтаңба қоқыста жатқанын көруге болады. Бұл сұмдыққа ашуланған желі қолданушылары кінәлілерді табуды талап еткен.
Алматы облысының полиция департаменті осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Мемлекеттік рәміздерді қорлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Талғар аудандық полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырды. Кінәлі адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», — деп сендірді ПД.