Госорганы

АЭС құрылыс қалай қаржыландырылады?

ҚР премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін қолданылатын қаржыландыру схемасы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«АЭС құрылысы еліміздің ең ірі инвестициялық жобасы болмақ. Қазір жұмысқа кірісіп кеттік. Қаржыландыру схемасына келетін болсақ, біз жобаны табысты өтеу үшін мемлекет белгілі бір экономикалық жағдайлар жасау арқылы ғана қатысатын жобаны қаржыландырудың басым схемасын қарастырып жатқанымызды айтқым келеді. Бұл коммерциялық жоба, ол өз жемісін беруі керек. Сондықтан бүкіл әлемде (АЭС – AR) салынып жатыр, ал инвесторлар оған ақша салуға дайын. Бұл қаржы институттарының тұтас консорциумының қатысуымен жобалық қаржыландыру болады деп үміттенеміз», — деді Нұрлан Байбазаров ҚР Үкіметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әлемдегі бірде-бір қаржы институты мұндай соманы жалғыз өзі көтере алмайды.

«Барлығы жобаны бірлесіп қаржыландырады. Біздің міндетіміз – бұл жобаны тиісті тарифтер, тұтыну кепілдіктері арқылы және т.б. қамтамасыз ету. Құнына келетін болсақ, бұл, менің ойымша, барлық міндеттемелер мен құқықтар, оның ішінде жобаның қымбаттауы бөлігінде нақты жазылған келісімшарт болады. Егер қымбаттау болса, онда іс жүзінде біз мұның бәрін мердігер жағына өткізуге тырысамыз. Өйткені олар жобаны қарастырған кезде осы тәуекелдердің барлығын ескеруі керек. Сондықтан біз бұл тәуекелдерді барынша азайтамыз деп үміттенеміз», – деп толықтырды вице-премьер.

Другие новости

Back to top button