Алматинская область
Алматы облысында 51 жастағы ер адам әжені тапсырыспен өлтіртпек болған (ВИДЕО)
Алматы облысының полициясы қарт әженің өліміне тапсырыс берген 51 жастағы адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Алматы қаласының тұрғынына адамның өлімі үшін 10 млн теңге ұсынған.
«Тапсырыспен кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың себебі 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесімен байланысты», — деп хабарлады Алматы облысының полициясы.