Госорганы
«100 ауланы абаттандыру»: Атырау әкімдігінің 800 млн теңгені ысырап еткені анықталды

Департаменттің мәліметінше, мұнайлы шаһардың «Алмагүл» шағынауданындағы аулаларды абаттандыру жұмысы тексерілген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер «Әділдік жолы» РҚБ Атырау филиалының өкілдерімен бірлесіп өткен жылғы күзден бері қалалық аула алаңдарын абаттандыру жобасын бақылауға алды. Ай сайын жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасына мониторинг өткізіліп келеді. Биыл «Алмагүл» шағын ауданында «100 ауланы абаттандыру» жобасына мониторинг жүргізіліп, 800 млн теңгеден астам қаржының бұзушылығы анықталды», — делінген департаменттің хабарламасында.