Туркестанская область

Жетісайда ата-анасы екі кішкентай баласын құлыптаулы көлікке қалдырып кеткен

Ерлі-зайыптылар диагностикалық орталыққа кезекке тұрып келу үшін 10 минуттай ғана уақытқа кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлерге Жетісай қаласының тұрғыны хабарласып, қала көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінің ішінде 5 жасар қыз бен сәби жалғыз қалғанын мәлімдеді, деп жазды Ішкі істер министрлігінің ақпарттық порталы.

Оқиға орнына бірден шыққан полицейлер тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде балалардың ата-аналары анықталып, жауап алынды.

Қазір нәресте мен 5 жасар қыздың жағдайы жақсы, ата-анасының жанында.

Тәртіп сақшылары кішкентайлардың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізді.

 

Другие новости

Back to top button