Туркестанская область

«Сирияға кетуді жоспарлаған»: ҰҚК терроризмді насихаттап жүрген ер адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұдан басқа, тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергелуде, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды

Другие новости

Back to top button