Алматинская область

Алматы облысында үйдегі жалынды сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты

Алматы облысы Қарасай ауданында үйдегі өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Алматы ТЖД ақпараты бойынша, 25 желтоқсан күні сағат 16:56-да Алматы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт есептеулері Қарасай ауданындағы Көкөзек ауылына өртті сөндіруге шықты.

Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қаза тапты.

«Болған оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ТЖМ Әділет Аянұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол сауатты тұлға, өз ісінің маманы ретінде жүрегімізде мәңгі қалады», – деп хабарлады ведомстводан.

Другие новости

Back to top button