Түркістан облысындағы бес жасар қыздың өлімінен кейін прокурорлар ауылдың әр адамын жеке тексереді
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылындағы бес жасар қызды өлтірген қайғылы оқиғадан кейін прокуратура тексеру тағайындады. Бір ай ішінде прокурорлар барлық аулаларды аралап, аймақтың барлық тұрғындарының жеке басын анықтайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысының прокурорлары өңірдің барлық тұрғындарын тексеруге ниетті. Бұған қадағалау органы бір ай жұмсамақ. Бұл аймақта кім тұратынын және жергілікті қоғамды қандай адамдар құрайтынын білу қажет.
«Бір ай бойы осындай алдын алу шараларын жүргіземіз. Учаскелік полицейлер әр елді мекенде әр үйге кіріп, кімнің тұратынын тексеріп, жеке басын анықтайды. Біріншіден, Сарыағаш ауданында болған жағдайдан кейін адамдар бұл мәселені өздері үшін көтереді. Жібек Жолы ауылында нашақорлық, маскүнемдік жағдайлары көбейді. Сондықтан осындай іс-шараларды өткізуді шештік», – деді Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиев.
Жалпы тексеру басталған.Қызметкерлер өңірге келген адамдарға ерекше көңіл бөледі.
Бес жасар қызды өлтіру туралы тергеу жалғасуда. Күдікті қамауда.
Естеріңізге салсақ, 13 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бес жасар Еркежан Нұрмахан жоғалып, сау тамтығы қалмаған күйде денесі көрші үйдің шатырынан табылған еді. Ал бүлдіршіннің өліміне бұған дейін де адам өлтірді деп айыпталып, 10 жыл түрмеде отырып шыққан көршісі күдікке ілінді.