Абайская область

Абай облысындағы өрт қасақана қойылуы мүмкін бе

Құзырлы органдар мәселенің мән-жайын тексереді

Әлеуметтік желіде Абай облысындағы өртке қатысты бейнежазба тарап жүр. Видео авторының айтуынша, Семей орманындағы өрт қасақана қойылуы мүмкін. Полиция қызметкерлері де бұл нұсқа аясында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Осы орайда облыс әкімдігі желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде болжамды өртеу әрекеттерінің орындары көрсетілген бейнематериалдардың таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды түсіндіру маңызды. Бейнежазба авторы өрттің көзі найзағай емес, әдейі өртеу болды деген болжамға тоқталды. Алайда видеода көрсетілген учаскелерде жағылған от іргелес орман алқаптарына таралмағанын ескерген жөн»,- делінген әкімдік хабарламасында.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар бұл мәселе бойынша жан-жақты талқылау жүргізіп жатыр. Тергеу жұмыстары ықтимал өртеушіні және ауқымды өрттің негізгі себебін анықтауға бағытталған.

Айта кетейік, өрт салдарынан 14 орманшы қаза болды.

Другие новости

Back to top button