Павлодарская область
Павлодарда бір жасар бала шелектегі суға тұншығып көз жұма жаздады
Қазіргі уақытта сәби ауруханада жатыр
Павлодарлық дәрігерлер шелектегі суға батып кете жаздаған баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасынан мәлім етті, деп хабарлайдыPavlodarnews.kz.
«2022 жылы туған қызды 10 сәуір күні облыстағы аудандардың бірінен санитарлық авиациямен жеткізді», — деп нақтылады ауруханадан.
Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Кішкентай қыз соматикалық бөлімде ем алуда.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың ақпан айында бір шелек суға батып кеткен сәби көз жұмған болатын.