Недра Казахстана

Қазақстан алдағы уақытта мұнай өндірісін қысқартады

Қазақстан ОПЕК+ мемлекеттерімен бірге 2023 жылдың мамырынан бастап мұнай өндірісін қысқартуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес мамырдан бастап елімізде мұнай өндірісі 78 мың баррельге қысқартылады.

Бұл қысқарту 2022 жылғы 5 қазандағы ОПЕК+ 33-ші министрлік кездесуінде қабылданған өндірісті қысқартуға қосымша алдын алу шарасы болып табылады.

Еске салайық, 2022 жылдың қыркүйегінде Мұнай экспорттаушы мемлекеттер ұйымы мен оның серіктес мемлекеттері мұнай өндірісін тәулігіне 100 мың баррельге дейін қысқартуға келіскен.

Другие новости

Back to top button