Жамбылская область

«Күнкөріс қиындады»: Таразда жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етті

Таразда жұмысшылар жалақыны арттыруды талап етіп, наразылық танытты. Басшылық жалақыны көбейтеміз деп, артынша жауапсыз қалған, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Азаматтардың айтуынша, қымбатшылық кезеңінде еңбекақыға 30% қосылуы керек.

“Менің айлығым 128 мың, мен 5-ші разряд слесарьмын. Ал ГРЭС-те 5-ші разряд слесары 230 мың айлық алады. Арасы аспан мен жердей, міне. 128 мың айлықпен бала-шаға баға алмай жатырмын, 6 балам бар”, – дейді жұмысшылардың бірі Жұмағали Оразалиев.

Ереуілге шыққандар еңбек ақыны екі есеге емес, ең болмағанда 30%-ға өсіруді талап етеді.

”Барлығымыз 120 мың айлықтан алып отырмыз. Соған 10% қосылды дейді. Сонда ол небәрі 12 мың теңге, тағы қосуын сұраймыз. Қазір күнкөріс қиындап кетті, 120 мыңмен кім өмір сүре алады? 300-ге жуық қызметкері бар мекемеге Тараз қаласының 80 %-ы жылуға ақша төлейді. Бірақ басшылық бұл жалақыны арттыруға жетпейді дейді”, – деді жұмысшы Жомарт Жұмабеков.

“Негізгі айлықтың 70%-ын электр энергиясымен жабамыз. Бұл жағын да түсінсеңіздерші. Айлық тек тарифке байланысты”, – дейді «Тараз Энерго орталығы» АҚ президенті Жұмабек Бөлекбаев.

Бір жыл бұрын қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агентігі «Тараз энерго орталығы» жылу бағасын негізсіз көтергенін анықтаған. Олардың үстінен іс қозғалған еді.

Другие новости

Back to top button