Павлодарская область

Павлодарда спектакль кезінде ер адам көз жұмды

Ол театрда сахна құрастырушысы қызметін атқарған

Павлодарда спектакль кезінде ер адам көз жұмды. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қайғылы жағдай А.П. Чехов атындағы облыстық драма театрында жексенбілік қойылым кезінде болған. Қойылымның екінші бөлімі аяқталмастан, көрермендер залдан шығарылды.

«Астана көшесі, 166 мекенжайы бойынша сағат 18:40-та қоңырау түсті», – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде.

Театр директоры Виктор Аввакумовтың айтуынша, марқұм 43 жаста болған. Театрда сахна құрастырушысы қызметін атқарған. Ер адам тромб үзіліп кету салдарынан көз жұмған. Жерлеу рәсімі сәрсенбі, 25 қаңтарда өтеді.

Другие новости

Back to top button