Абайская область
Семейде шенеуніктер креслоларды 38 млн теңгеге сатып алмақ болған
Оның құны 200 есе жоғары көрсетілген
Абай облысы Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, Семейде 1 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу құнын арттыру фактілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Мәселен Семей қаласы Мәдениет сарайының басшылығы 1 млрд теңгеден астам сомаға ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауды жобалау жөнінде қызметті сатып алуды көздеді, ал мұндай қызметтің құны 10 млн теңгеден аспайды. Антикордың ұсынысынан кейін бұл сома жойылды.
Ведомствоның хабарлауынша мекеме басшылығы креслолар сатып алуды жоспарлаған, оның құны 200 есе жоғары көрсетілген. Семей қаласы Мәдениет сарайының әкімшілігі 38 млн теңгеге креслолар сатып алу жөнінде конкурс жариялады, ал бұл креслолардың нарықтық құны 150 мың теңгені құрайды.
Антикор мәліметтеріне сәйкес, осы сатып алу бойынша қаралу сатысында тұрған ұсыныс хат жіберілді.