Образование

ҰБТ қағидалары қатаңдатылады: А4 қағаз, смарт көзілдірік және фитнес білезік әкелуге болмайды

Енді ұлттық бірыңғай тестілеуге смарт көзілдірік пен фитнес білезігін тағып келген талапкерлер кіргізілмейді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Сондай-ақ, түлектерге диктофон мен А4 форматындағы қағаздарды да алып кіруге тыйым салынады. Оқу-ағарту министрлігі осылайша ұлттық сынақтың қағидаларын қатаңдатып, ережеге өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін ұлттық бірыңғай тестілеуге ұялы телефон, планшет, смартфон, ноутбук, мобильді роутер, смарт сағат, калькулятор, құлаққап және шпаргалка, оқу-әдістемелік әдебиеттер әкелуге рұқсат етілмеген еді. Енді бұл тізімге А4 көлеміндегі ақ қағаз да енеді. Дегенмен талаптар жазылған құжат әзірге бекітілген жоқ.

Жоба 18 қаңтарға дейін ашық үкімет порталында қоғам талқысында болады. Құжат жобасында тест тапсырмаларының саны да нақтыланған. Мәселен, мектеп және колледж бітірушілері үшін математика, оқу сауаттылығы бойынша — 15, Қазақстан тарихынан — 20, бейіндік пәндерден — 35 тапсырма болатыны көрсетілген.

Другие новости

Back to top button