Туркестанская область
Мыңнан астам жолаушы боранда қалып қойды
Түркістан облысында қалың қар жауып, қатты желдің әсерінен Бәйдібек, Қазығұрт, Кентау, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандары арқылы өтетін республикалық, облыстық, ауданаралық маңызы бар жолдар жабылды. Күн райының боранды болуынан мыңнан астам жолаушы жолда қалып қойған, деп хабарлайды Экспресс К.
Жабылған жолдар бойынша полицейлер 11 учаскеде қызмет еткен. Аталған учаскелерде қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің 41 техникасы, ал басқа да құзырлы мекемелердің жолдарды тазартуға жалпы 73 арнайы техникасы жұмылдырылды.
114 көлікте болған 261 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Ал Алматы бағытына қарай жол тартқан 594 көлік учаскелерде тұрақтады. Оның 325-і ауыр салмақты жүк көлігі, 37-сі «Газель», 70-і жолаушылар автобусы, 50-і микроавтобус, 112-сі жеңіл көлік,
Жолда қалып қойған көліктердегі 800 адам мешіттерге, 400 адам жақын маңдағы қауіпсіз орындарға орналастырылған.