Карагандинская область
Жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті – ҚТЖ
Осыған байланысты Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушы пойызы кідірілді
28 желтоқсанда сағат 07: 45-те Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуі жеке меншік иесіне тиесілі бірінші астық тасымалдаушы доңғалақ жұбының кептелісіне байланысты болды. Болған жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды.
Осы учаскедегі пойыздар қозғалысы көрші жолмен ұйымдастырылған. Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушы пойызы кідірілді. Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, ЖаңАрқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.