Туркестанская область

Түркістан облысында бірнеше көлік бір-біріне соғылып, 3 адам зардап шекті

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 қарашада Қазығұрт АПБ-ға Алматы – Термез тасжолындағы Қазығұрт асуында жол апаты болғаны бойынша хабарлама келіп түсті.

Анықталғандай, патрульдік полиция батальонының қызметкері терезесін күңгірттеп алған Mercedes-Benz Е-350 көлігін Шымкент бағытына қарай кетіп бара жатқан Лада 21015 автокөлігінің жүргізушісі абайсызда келіп соққан.

«Mercedes-Benz Е-350 көлігі өзінің алдында тұрған полицейдің Kіа Rіо қызметтік көлігіне соқтығысқан. Осылайша бірнеше көлікке материалдық шығын келтірілді. Адам шығыны жоқ. Жол апаты салдарынан Лада 21015 көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен орталық ауруханаға түсті”, — делінген хабарламада.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Другие новости

Back to top button