Карагандинская область
Шахтадағы жарылыс бойынша үкіметтік комиссия құрылды – Жеңіс Қасымбек
Жарылыс түнгі 3-те болған
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін айтты.
«Түнгі сағат 3-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ КД Ленин атындағы шахтасында газдренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде газдың кенеттен таралуы болған. Соның салдарынан шахтаның 5 қызметкері қаза тауып, 4 адам Шахтинск және Х.Мақажанов атындағы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта Үкіметтік комиссия құрылды», — деді Қасымбек.
Әкім атағандай, олардың отбасыларына, сондай-ақ зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.
«Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», — деді ол.