Восточно-Казахстанская область

Шығыс Қазақстандағы 9 ауыл газсыз қалды

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы 9 ауыл газсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта Зайсан ауданындағы 9 елді мекен газсыз қалды. Белгілі болғандай, бұған 1 қараша күні сағат 12.00-де ауылдарды газбен қамтамасыз ететін жоғары қысымды магистральдық құбырдан газ шығуы себеп болып отыр. Осыған орай шұғыл түрде аудан әкімі Дулат Қажанов басқаратын арнайы штаб құрылған.

«Барлығы 9 елді мекенге газ беру тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Тиісті материалдар, мамандар саны жеткілікті. Авария болған жерде арнайы штаб мүшелері жұмыс істеуде», — деп хабарлады Зайсан ауданының әкімдігінен.

Ауылдық округ әкімдері газсыз қалған елді мекен тұрғындарына өз үйлерін қатты отынмен және электр қуатымен жылытуға ауыстыру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Әр елді мекенге әкімдіктің жауапты адамдары бекітілген. Барлық жағдай ерекше бақылауда», — делінген ақпаратта.

 

Другие новости

Back to top button