Образование

Сабақ уақытында мұғалімдер оқушыларды намаз оқуға жібере ала ма – Оқу ағарту министрінің жауабы

Бүгін оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Алматы халқымен кездесті. Жиында министр сабақ уақытында мұғалімдер оқушыларды намаз оқуға жібере ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Жиында тұрғындардың бірі Асхат Аймағамбетовтен оқушыларға хиджабтың орнына кимешек сияқты ұлттық киім немесе капюшоны бар киім кию туралы сұрақ қойды. Ол сондай-ақ ата-аналары мұғалімдерге ескертіп, балаларды намаз оқу үшін сабақтан босатуға бола ма деп сұраған.

«Біз зайырлы мемлекетпіз, оқу орындары да зайырлы. Сіздің сұрақтарыңызға жауап соған байланысты. Біз зайырлы мемлекет болғандықтан, «жоқ» деп жауап қайтарамыз. Бізде мектеп формасына қойылатын талаптар, мұғалімдерге, мамандыққа қойылатын жалпы ережелер мен талаптар бірдей», — деп жауап берді министр.

Другие новости

Back to top button