Ақша
4 шілдедегі саудада доллар тағы арзандады
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2023/07/2a22367ca8794e9fa4a5a5b9b115d07f-780x450.jpeg)
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,40 теңгеге төмендеп, 446,79 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,79 теңге (-0,04) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 487,97 теңге, рубльді 5,01 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 446,5-449,5 теңге, еуро 486,5-490,5 теңге, ресей рублі 4,99-5,23 теңге аралығында саудаланып жатыр.