Госорганы

30 градус аяз: Елдің бірнеше өңірінде жол жабылды

Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

 

Абай облысында ауа температурасының 30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жолдар жабылды.

Атап айтқанда, «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 587-733 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы мен Семей қаласының аралығы), «Семей-РФ шекарасы» тасжолының 3-113 шақырымы, «Семей-Қайнар» тасжолының 8-266 шақырымы, «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымы (Герасимовка ауылы мен Семей аралығы) жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизельді жеңіл көліктері үшін жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында аталған көлік түрлеріне «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-102,105-123 шақырымдарында жүруге тыйым салынған.

Павлодар облысында «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 427-587 шақырымында автобустар мен дизель отынымен жүретін жеңіл көліктердің қозғалысы шектелді.

Бұл — Кенжекөл кенті мен Абай облысының шекарасындағы жол.

Другие новости

Back to top button