Недра Казахстана

2022 жылы қанша млн тонна мұнай өнімдері өндірілді

Өткен жылы авиаотын өндіру жоспары орындалмай қалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Министрдің дерегінше, 2022 жылы мұнай өнімдерін өндіру көлемі 13,7 млн тоннаға жетті. Жылдық жоспар 103,2 пайызға орындалды.

 

Оның ішінде 5,2 млн тонна дизель отыны, 2,8 млн тонна мазут, 5 млн тонна бензин өндірілді.

 

Бұл өнімдердің барлығы жылдық жоспар көлемінде болды. Ал авиаотын өндіру көлемі 97 пайызға орындалып, 0,7 млн тоннаны құрады.

«Авиаотын өндіру жоспарына қол жеткізбеу Атырау мұнай өңдеу зауытындағы 2022 жылғы қазан-қараша айларында өткен жөндеу жұмыстарына байланысты», — деді Болат Ақшолақов.

Сонымен қатар ол 2022 жылы битум өндіру көлемі 950 мың тонна болғанын 2022 жылғы жоспар 85,6 пайызға ғана орындалғанын атап өтті.

«Жоспарлы көрсеткішке қол жеткізбеудің негізгі себебі қымбат импорттық шикізат – Ресейден жеткізілетін гудронды қолданатын «Qazaq Bitum» ЖШС-дағы битумның жоғары бағасымен», — деді министр.

Болат Ақшолақов өткен жылы қуаты 500 мың тонна полипропилен өндіретін мұнай-химия зауыты іске қосылғанын, мұнай-газ-химия өнімінің көлемі 271,4 мың тоннаға жеткенін де айтты.

Другие новости

Back to top button