Карагандинская область

«200-300 жүк көлігі тұр»: Қарағанды облысында көмір үшін ұзын-сонар кезек түзілді

Қарағанды облысындағы «Шұбаркөл көмірі» кенішінде ұзын-сонар кезек түзілді. Жүргізушілер амалсыздан жүк көліктерінде бірнеше тәуліктен бері түнеуге мәжбүр. Сөздерінше, кезек мүлде жылжымайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Жүк көлігінің жүргізушісі Ерлан Жандосов төрт күннен бері кезекте тұрғанын айтады. Алайда мұнда ешқандай жағдай жасалмаған деп ашынады.

«Жуынатын орын мен дәретхана да жоқ. Асахана атымен жоқ. Кейде бір ғана тиеуші жұмыс істейді. Мұнда 200-300 КамАЗ тұр. Ойлаңызшы, бір ғана жүк тиегіш», – деді Ерлан Жандосов.

Кеніш маңында су мен бак та жоқ, ал төңіректі қоқыс басқан. Жүргізушілер көмір үшін кезекте әлі қанша тұратынын білмейді. Сондықтан тамақ пен жанармай қорын сақтауға мәжбүр.

Кеніш өкілдері көмір тиеуді барыншы жылдамдатуға тырысып жатқанын айтады. Мердігерден техника санын көбейтуді сұраған. Кеше барлығы 94 жүк көлігін жіберген, бұл нормадан екі есе көп, дейді. Алайда баға арзан болғандықтан, сұраныс жоғары. Сонымен қатар басшылық қоймада жанармайдың жеткілікті екенін мәлімдеді.

«Осы жерден белгілі бағаға сатып алып, Астана немесе басқа жерде үш жоғары бағаға сатады. Бұл – расталған дерек. Кезекке келер болсақ, оны жүргізушілердің өздері жасайды. Бірі шықса, екіншісі кіреді. Кірген көліктер барынша таза әрі жаңа қазылған көмірді алғысы келеді. Сұрайды, өтінеді», – деді «Шұбаркөл көмірі» АҚ өндіріс бойынша вице-президенті Сергей Ким.

Другие новости

Back to top button