125 жасқа жету
ОКА (СОВМИН) пациенті Ізгілік Дабаев осындай мақсатты өзінің алдына қойыпты. Ол қазір — 100 жаста. Осыдан жарты жыл бұрын травматолог Асхат Кабдешов бастаған клиниканың докторлар командасы құрметті зейнеткердің жамбас буынына эндопротез жасаған болатын.
Операция пациенттің жасына және ілеспелі ауруларына байланысты қауіпті болды, бірақ Ізгілік ата қазір жүрмек түгілі, жүгіретін болды. Оның операциядан кейінгі ең алғашқы сұрағы протезді пайдалану мерзімі және оның құрамы туралы болды.
— Бұрын ересек адамдардың санының шабы сынса, олардың өмір сүру мүмкіндігі тіпті болмайтын деуге болады, ал протез олардың өмірін ұзартады. Ізгілік Дабаев әлі жиырма бес жыл қозғалыста өмір сүруді жоспарлайды, ол әлі сол қалпында, қазір ауруханада жоспарлы оңалтудан өтіп жатыр, — деп әңгімеледі травматолог.
Ізгілік Дабаев – аңыз адам. Мәскеуден Берлинге дейінгі соғысты жүріп өткен, үш рет жараланған, зақым алған, Бауыржан Момышұлын, Климент Ворошиловты, Георгий Маленковты көрген, Леонид Брежневпен, Дінмухамед Қонаевпен бірге жұмыс істеген, тіпті Джавахарла́л Неруді көрген. Ол мемлекеттердің жетекшілерінен 30 құттықтау хатын алған. Қасым-Жомарт Тоқаевтан алған атаулы сағатты тіпті ауруханада қолынан шешпейді. Ол КСРО журналистер одағының мүшесі, өмір бойы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің мадақтаулар бөлімін басқарған, еліміздегі барлық атақтар мен арқылы өткен, дейді ол. Қалай жүз жасауға болады деген сұраққа қысқа қайырды:
— Бұның бәрі — ең алдымен генетика. Еңсеңді тік ұстау керек, дұрыс тамақтану керек, спирттік ішімдікпен әуестенбеу және үзілді-кесілді темекі тартпау керек!