Образование

118 «жайлы мектепті» қандай құрылыс компаниялары салатыны анықталды

 Samruk-Kazyna Construction компаниясы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша мектептер құрылысын жүргізуге жарияланған сатып алу конскурсының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

20 өңірдегі салынатын 118 мектептің құрылысын жүргізуге барлығы 206 әлеуетті компания үміткер болған. Компанияның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, осы 206 компаниядан ұзын саны 781 өтінім келіп түскен.

«Әуел баста құрылысы 2023 жылы басталатын 185 мектеп бойынша конкурс жарияланған болатын. Соның ішінде 118 мектепті кімдер салатыны бірден белгілі болса, 52 мектеп бойынша сатып алу конкурсы өтпей қалды. Өйткені әлеуетті мердігерлер біліктілік талаптарына сай келмейтін болып шықты. Одан басқа 15 лоттың күші жойылды», — деп жазылған ресми мәліметте.

Конкурстың қорытындысымен толық танысу үшін мына сілтемеге өтуге болады – http://skcn.qaz.network/

Ал өтпей қалған лоттар бойынша бұл жолғы конкурстардың қорытындысы шығарылғаннан кейін қайтадан конкурс ойнатылмақ.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл құрылысы басталатын 185 мектептің қаншасы қай өңірде жоспарланғанын мына сілтемеден көруге болады. https://skcn.kz/ru/news/news/1192

Другие новости

Back to top button