Социум

100 қазақстандықтың алтауы тозған аяқкиімін дер кезінде ауыстыра алмайды

100 қазақстандықтың 11-іне аяқкиім жетіспейді, ал 100-дің 6-ы тозған және әбден киген киімі мен аяқкиімін дер кезінде ауыстыра алмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір жылда кейбір тоқырауды бастан өткерген қазақстандықтардың үлесі айтарлықтай төмендеді. Дегенмен цифрлардың өзі әлі де жоғары. Осылайша ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жыл сайынғы сауалнамасына қатысқан респонденттердің арасында қаражаттың жетіспеушілігінен ескі жиһазды ауыстыруға мүмкіндігі жоқтардың үлесі 2021 жылғы 27,4%-дан 2022 жылы 20,3%-ға дейін төмендеді.

Қаржы қиындықтарына байланысты қолайлы жұп қыстық және жазғы аяқкиімді ала алмайтын қазақстандықтардың үлесі (15,3%-дан 11,3%-ға дейін), сонымен қатар айына бір рет кездесуге, достарымен немесе туыстарымен дастархан басында бірге уақыт өткізуге (8,4%-дан 6,3%-ға дейін) мүмкіндігі жоқ қазақстандықтардың үлесі де азайды.

Сонымен қатар қаржы жағдайына байланысты екі күн сайын балық, ет немесе тауық еті қосылған ыстық тағамдарды немесе оған теңестірілген вегетариандық тағамды жеуге мүмкіндігі жоқ респонденттердің үлесі өсті: 7%-дан 7,9%-ға дейін. Тозған аяқкиім мен киімді жаңасына ауыстыруға мүмкіндігі жоқтардың үлесі 5%-дан 5,2%-ға өсті.

Тұрғылықты жеріне келсек, ресми деректер бойынша қалада қаражаттың жетіспеушілігінен айырылған халықтың үлесі ауылдарға қарағанда көбірек. Осылайша қала тұрғындарының 20,9%-ы, ауыл тұрғындарының 19,4%-ы тозған жиһазды қажетіне қарай ауыстыра алмайды. Қала тұрғындарының 11,7%-ында және ауыл тұрғындарының тек 10,7%-ында кемінде жұп қыстық және жазғы қолайлы аяқкиім жоқ. Ал қаладағылардың 5,6%-ы, ауыл тұрғындарының 4,7%-ы тозған аяқкиім мен киімдерді жаңасына ауыстыра алмайды, Сонымен қатар қала тұрғындарының 6,8%-ының және ауыл тұрғындарының 5,2%-ының достарымен немесе отбасымен айына бір рет дастархан басында кездесуге мүмкіндігі жоқ, – делінген Ranking.kz хабарламасында.

Сонымен қатар екі күн сайын ыстық тамақ ішуге мүмкіндігі жоқ қала тұрғындарының үлесі дәл осындай қиындықтарға тап болған ауыл тұрғындарының үлесінен аз: тиісінше 7,6% және 8,4%.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдер ерлерге қарағанда қаражат жетіспеушілігінен қиналады. Ең үлкен алшақтық тозған жиһазды ауыстыруға мүмкіндігі жоқ адамдар арасында байқалады: ерлердің 17,9%-ы және әйелдердің 22%-ы.

  • Әйелдердің 12,3%-ы және ерлердің 10%-ы жұп қыстық және жазғы аяқкиім алуға қалтасы көтермейді;
  • Әйелдердің 8,7%-ы және ерлердің 6,7%-ы ыстық тамақ ішуге жағдайы жоқ;
  • Түскі асты әйелдердің 6,9%-ы және ерлердің 5,4%-ы, тозған аяқкиім мен киімді жаңасына ауыстыруға әйелдердің 5,7%-ы және ерлердің 4,5%-ының жағдайы келмейді.

Сонымен қатар қазақстандықтардың 6,1%-ы үйдегі жылуды жеткілікті деңгейде ұстауға және оны төлеуге мүмкіндігі жоқ. Қалада мұндай респонденттер 6,2%, ауылда 6% болды. Ал гендерлік тұрғыда әйелдердің 6,6%-ы, ерлердің 5,4%-ы осындай қиындықтарға тап болған.

Другие новости

Back to top button