Образование

1-сынып оқушылары үшін қандай жаңалық енгізілді

1-сыныптарды оқытудың «сатылы» режимі болады. Мысалы, қыркүйек айында 1- сынып сабақтары 35 минуттан өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан өтеді. Қазан айынан бастап дене шынықтыру және көзге арналған гимнастика қосылып, сабақтың әрқайсысы 45 минуттан болады.Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Бұрын бірінші сынып оқушыларының сабағы әрқайсысы 40 минуттан болатын еді.

Сонымен қатар бірінші сыныптарда көркем еңбек сабағы «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» деген екі пәнге бөлінеді. 1-сыныпта оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасынан тұрады.

Қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері, қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде «Букварь» и «Обучение грамоте», «Казахский язык» пәндері оқытылады.Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

1-сыныпта оқушыларға баға қойылмайды.

 

Другие новости

Back to top button