21 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Вакциналар туралы барлық ақпарат бір жерде: EGU.kz сайты іске қосылды

08 сентябрь 2021, 11:46
Вакциналар туралы барлық ақпарат бір жерде: EGU.kz сайты іске қосылды
Қазақстанда балаларды жоспарлы вакцинациялау туралы бірыңғай ресми ақпараттық ресурс іске қосылды.


Бүгін Қазақстанда алғаш рет Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес балалар вакциналары туралы барлық қажетті ақпарат жинақталған бірыңғай ресми ресурс іске қосылды. БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен (ҚР ДСМ ҚДСҰО), АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен балалардың жоспарлы вакцинациясы туралы ресми ақпарат пен медициналық зерттеулердің нәтижелері жинақталған сайт әзірледі. Бірнеше ай бойы MedSupport дәрігерлері мен ғалымдар тобы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп қажетті деректерді іріктеп, ата-аналар мен Қазақстандағы иммундау тақырыбына қызығушылық танытатын адамдар үшін EGU.kz сайтының құрылымы, интерфейсі және контентін барынша қолайлы ету бойынша жұмыс жасады.

Ақпараттық ресурста Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген әрбір вакцинаның толық сипаттамасы бар. Сайтқа кірген кез-келген адам вакцина қорғайтын инфекциялармен танысып, қарсы көрсетілімдер мен ықтимал жанама әсерлер туралы оқи алады. Сайттың іске қосылуымен әрбір қазақстандық ата-ана аутизм және ҚПҚ вакцинасы туралы мифтің қалай пайда болғаны, неліктен балалар екпелерінде сынап жоқ екендігі, сондай-ақ инъекция орнын сулауға болатыны әлде болмайтыны жайлы білетін болады. Сондай-ақ вакцинация туралы мифтердің толық тізімі мен оларды әшкерлейтін сенімді ақпараттқа көз жеткізеді.

«Вакцинация мәселелері көпшілік пен бұқаралық ақпарат құралдарын жиі алаңдатады. EGU.kz сайтының негізгі міндеті – вакциналар туралы толық және сенімді ақпарат беру және республикада вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыру. Бұл платформа вакцинация саласындағы тәжірибелі мамандар және ғалымдар мен халықтың арасындағы ашық және шынайы диалогына арналған, диалогтың арқасында әркім өз сұрақтарына кәсіби және ғылыми негізделген жауаптар ала алады», - деді Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы.
Сайт қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған нұсқа да бар.

«Вакцинация – ата-аналар үшін балаларын жұқпалы аурулардың ауыр зардаптарынан қорғаудың жалғыз, ең тиімді және баламасы жоқ әдіс. Egu.kz сайтында сіз вакцинация туралы дұрыс, дәлелді және негізделген ақпаратты ала аласыз», - деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма Төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.
Ресми ресурста Вакцинация күнтізбесі, Вакцинация орталықтары, Вакциналар мен аурулар, мифтер, Сұрақтар мен жауаптар сияқты айдарлар бар. EGU.kz сайтында ата-аналар вакциналардың түрлері туралы ақпаратқа қол жеткізіп, олардың қауіпсіздігін тексерудің барлық кезеңдері туралы біледі және оларды мазалайтын сұрақтарға жауап ала алады. Сайт сонымен қатар вакцинация тарихына қысқаша шолу жасайды және вакцинамен басқарылатын бірқатар жұқпалы ауруларды жеңу жолындағы адамзаттың алғашқы қадамдарын сипаттайды. Алдағы уақытта ол балаларды жоспарлы вакцинациялау туралы өзекті статистикалық деректермен толықтырылатын болады.

«Вакциналарды ойлап шығару – медицинаның ең үлкен жетістігі. Өзіңізді және балаңызды денсаулыққа қайтымсыз зиян келтіретін, кейде өліммен аяқталатын қорқынышты аурулардан қорғаудың ең тиімді және кейде жалғыз жолы болып табылады. 21 ғасырда кейбір ата-аналар балаларын вакцинациялаудың тиімділігі мен қажеттілігіне қатысты әлі де күмәндануда. Дұрыс және ақпараттандырылған таңдау жасауға көмектесу үшін ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірге бұрын Қазақстанда болмаған бірегей сайт әзірледі. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне кіретін вакциналар туралы барлық ақпаратты табу оңай және жеңіл болатын алаң. Бұл сайт ата-аналар үшін өз баласын вакцинациялау туралы маңызды шешім қабылдауда пайдалы құрал болады деп сенемін», - деп белгілеп өтті Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі Артур ван Дизен.

Сайт тұрғылықты жерге ең жақын вакцинация орталығын табуға мүмкіндік беретін ыңғайлы картамен жабдықталған. Балаңызға жоспарлы егуді ұмытып кетпеу үшін ата-аналар электронды күнтізбеге вакцинаны уақытында қою қажеттілігі туралы ескерту функциясын қолдана алады.

«Біз осы жобаның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. EGU.KZ сайты қазақстандық сәбилердің қауіпсіз және салауатты балалық шағы үшін ата-аналардың таптырмас көмекшісі болады!» - деп түсіндірді Medsupport Командасы.

Сайт ЮНИСЕФ Қазақстан мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің иммундау жүйесін күшейту жөніндегі бірлескен бағдарламасы шеңберінде әзірленген.

«Иммундау өмірді ғана құтқарып қоймайды, сондай-ақ балаларға, әйелдерге және отбасыларға өркендеуге мүмкіндік береді. Бұл маңызды веб-сайтта берілген ақпарат адамдарға вакцина арқылы алдын алатын аурулардың қаупінен қорғануға көмектеседі. Нәтижесінде балалар мектепте болып, ата-аналар өз отбасына қамқорлық жасап, қолдау көрсету арқылы өз қоғамдастығы мен елінің экономикалық өсуіне ықпал ете алады», - USAID/Орталық Азия миссиясы директорының міндетін атқарушы, Питер Янг.

Редакторларға арналған ескертпе

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық орталығының қызметі туралы толық ақпаратты https://hls.kz/ сайтынан және Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілерінен біле аласыз.

ЮНИСЕФ өз қызметін әр баланың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. ЮНИСЕФ өзінің серіктестерімен бірлесіп, әлемнің 190 елі мен аумақтарында өз міндеттемелерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейді, бұл ретте неғұрлым аз қамтылған және оқшауланған балаларды қамту мәселесіне; балалардың игілігіне, әлемнің барлық бұрыштарында ерекше назар аударады.
ЮНИСЕФ-тің қызметі туралы толық ақпарат www.unicef.org сайтында бар.

Instagram, Facebook және Twitter желілеріндегі парақшаларымызға жазылыңыз.

USAID даму жөніндегі жетекші халықаралық агенттік және даму нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін катализатор болып табылады. USAID жұмысы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық өркендеуін алға тартады, американдық жомарттықты көрсетеді және алушының өзін-өзі қамтамасыз етуі мен тұрақтылығына жол ашады. Қосымша ақпарат алу үшін Facebook парақшасы мен Орталық Азиядағы USAID сайтына кіріңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia

БАҚ байланыстары
Эльвира Яушева
Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы
ЮНИСЕФ
Тел: +7 707 109 8553
Электрондық пошта: eyausheva@unicef.org
Просмотров материала: 821

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 083 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 917 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 558 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 584 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 890 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 465 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 644 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 710 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 896 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 043 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 421 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 646 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 351 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 452 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 267 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 164 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 146 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 115 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 128 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 480 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930