23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Арыс пен Тараздағы жарылыс Ақтөбеде қайталануы мүмкін бе?

07 сентябрь 2021, 11:12
Арыс пен Тараздағы жарылыс Ақтөбеде қайталануы мүмкін бе?
Ақтөбенің іргесіндегі Ақжар ауылының тұрғындары үрейде отыр. Ұйқысын қашырғаны – үйдің тап іргесіндегі қойма. Тұрғындар бұрын жарылғыш заттар сақталған нысанды құзырлы органдар тексеріп берсін деп талап етуде, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасыMy Webpage.

Қаланың қасындағы Ақжар елді мекененіне жер телімдері 2012 жылы беріле бастаған. Өзіне тиесілі он сотық жерін алған тұрғындар жаппай үй салған. Бірақ, іргедегі қоршаулы аймақ көптен бері көңілдерін күпті етіпе жүр екен. Нысан туралы ақпаратты аз. Тек ұзынқұлақтан естігендерін айтады.

– Мына "Взрывпромның" ішінде не бар, не жоғын білмейміз. Жаңа айтып жатыр ғой, машинамен кіріп-шығып жатыр деп. Көшіре ме, басқа қыла ма, Үкімет жағы қарайды оны, – дейді Ақжар ауылының тұрғыны Ғани Дәрібаев.
20-ғасырдың 60-жылдары "Взрывпром" деп аталатын мекеменің қоймасы болғанын байырғы тұрғындар да растады. Елді елең-алаң қылып отырғаны жұмбақ қойманың ішінде сақталатын зат болып тұр. Жарылғыш зат болса, не істейміз деген сұрақ мазалайды.

Жәрдем Қазтуғанов, Ақжар ауылының тұрғыны:

Бұрыннан қалған жарылғыш заттар болуы мүмкін ішінде. Тротиловый нелер болса, соны өзі жетеді. Ол срогы келгеннен кейін өзінен өзі оталып, атылады. Құзырлы органдар келіп тексеріп, қарап ішінде не бар, не жоқ екенін. Біздер содан қорқып отырмыз қазір, үрейдеміз бәріміз. Арыста болған, Таразда болған нәрсе қайталанса, санымызды соғым қаламыз!
Нысанға адам баласын жолатпайды.Тікенек сымдармен қоршап қойған. Қаруланған арнайы мамандар күзетіп тұр. Олар қоймада не сақталатынын айта алмаймыз деді.

"Казпромгеофизика" мен ауылдың арасы таяқ тастам жер, шамамен 200 метрдей. Тұрғындар қойманың ішінде не сақталатынын өздері де білмейді. Алайда, аумақтың қоршауына, белгілеріне қарап қауіпті екенін айтып отыр.

Халықтың қорқынышын тудырған қоймада не сақталғанын өнеркәсіптік қауіпсіздік мекемесіндегілер айтып берді. Қойма маңындағы жер телімдерін үлестіріліп жатқанда ол маңда тұрғын үй салу қисынсыз екенін ескертіп айттық деп отыр. Содан бері бұл мәсле өзектілігін жоймаған. Жауапты маманнан жарылыс қаупі бар ма деп төтесін сұрадық.

Самат Тәждәулетов, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары:

Тфу-тфу-тфу, по крайней мере, не должно. 3 қоймадан қазір тек біреуі қалды. Ол негізінен мұнай бұрғылау, өндіру ұңғыларын ату үшін қолданатын жарылғыш заттарға арналған. Шахтада қолданатын жарылғыш зат емес, дәлірек айтқанда, материалдар дейміз. Оның 90 пайызы темір. Тротил жоқ құрамында.

Самат Тәждәулетов айтарлықтай қауіп жоқ деп сендірді. Маманның есебінше, қойманың сыйымдылығы - 2,5 тонна. Ол да 100 пайыз толық емес деп отыр.Жылына бір мәрте тексеріс жасайды екен. Соңғы рет тексергенде өнеркәсіптік қауіпсіздік тәртібін бұзу жағдайлары анықталмағанын айтты. Ал қойманы көшіру не көшірмеу мәселесі басы ашық күйінде қалып отыр.



Просмотров материала: 1 032

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 355 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 188 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 828 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 852 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 160 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 479 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 655 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 723 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 913 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 056 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 435 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 354 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 320 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 365 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930