21 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ақтөбеде "жалақымды көтер" десең, жұмыстан шығара салады

Ақтөбеде "жалақымды көтер" десең, жұмыстан шығара салады
"Жалақымызды көтеруді сұрап едік, жұмыстан шығарып жіберді"! Ақтөбедегі көлік-логистикалық орталығының қызметкерлері шу шығарды. Базыналарын айтып, басшылығына барғанымен оларды күзетшілер мекеме ғимаратына кіргізбей қойған. Ақыры еңбек инспекциясы араласқан дау немен тынды?

Жабық есік артындағы келіссөздердің нәтижесі туралы ақпаратты "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Жұмысшылардың басшылықтың жауабын күтіп жүргеніне бүгін екінші күн. Кешке сағат алтыға дейін күткен, алайда оларды қақпа сыртына шығарып жіберген. Міне, таңғы сағат 8-ден бері жұмыс орнына келіп тұр. Алайда, басшылық тарапынан мән-жайды түсіндіріп беретін ешкім жоқ. Жұмысшылар жауап алмасақ, еңбек департаментіне шағымданамыз деп отыр.

Басшылықтан біреу-міреу шығып қала ма деп, қақпа алдында қаңтарылып жүрген жұмысшылардың бұл жартысы ғана. Көлік-логистикалық орталығының 50 шақты қызметері кеше жалақыларын өсіруді сұрап, ұсыныстарын айтыпты. Айлық пәтер ақысы мен жолақыдан аспайды, ал азық-түлік болса қымбаттап кеткенін де ескерттік деп тұр. Мейрам күндері демалыссыз, кейде тіпті артығымен жұмыс істегендерін де айтады.

Болатбек Сарқұлов, жұмысшы:

Штат нехватка постоянно. Біз кладовщиктер жұмыс істеп жүріп, грузчик, сборщик болып жұмыстар істей береміз. Таңертең 8-30 да басталса жұмыс, егер 8-31-де кірсек, 500 теңге ұстайды 1 минутқа. 20 мыңнан қоссын деп сұрадық, ол үшін біздерді жұмыстан шығыңдар деді.

Нұрғали Нұрмұхамедұлы, жұмысшы:

Кім кіреді сол жұмыс істейді, кім кірмейді сол уволен деді. Міне, бүгін таңертең келдік, болды! В общем 100 мың, былай 67-70 мың аламыз ғой.

Жұмысшылардың айтуынша, олардың міндетіне қоймадағы затты іріктеп, жинастырып, бөліп, тиеп қаладағы ірі гиперамаркет желілеріне тарату кіреді. Ал орташа жалақы 80 мың теңге. Оны өсірмесе, күнкөріс қамы қиындап бара жатқанын айтып, басшылықты құлағдар еткен. Содан бері жарты жыл өткенімен, өтінішімізге құлақ асқан ешкім болмады, дейді. Шыдамы таусылған елу шақты адам кеше тағы осы мәселені көтеріпті.

Индира Сағынбазарова, қызметкер:

Бізді далаға қуып шықты. Бірақ, ешкім ресми түрде жұмыстан босатылдың, иә болмаса, себебі осылай деп түсіндірмеді. Күзетші жұмыс орнымызға кіргізбей тұр.
Не себепті жұмыстан қуылғанын білмегендер қақпа алдында сарылып күтумен болды. Жұмыс берушіге қоңырау да шалды. Бірақ, жауап болмады. Тілшілердің араласуынан кейін еңбек инспекциясы наразы топпен кездесіп, артынша тараптар ортақ мәмілеге келген.

Талғат Есқарин, облыстық еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы:

Жұмысынан шығарып салу қақпаның сыртына ол дұрыс емес. Жұмыстарына қосылды, қазір атқарып жатыр. Қудаламаймыз деп жұмыс беруші гарантия берді.
Жиналғандар еңбек инспекциясы басқармасындағылардың көзінше жұмыс берушіден екі мәселеге назар аударуды сұрады . Біріншісі еңбек жағдайын жақсарту, екіншісі- жалақыны өсіру. Жұмыс беруші мұның барлығы шешілетін сұрақтар екенін айтып, тек уақыт беруін сұрапты.




Просмотров материала: 838

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 078 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 126 896 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 551 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 571 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 126 878 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 657 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 826 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 904 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 144 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 285 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 652 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 392 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 569 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 379 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 498 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 690 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 843 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 729 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 128 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 354 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 506 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031