2 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әкем ішіп келгенде үйден безіп кететінбіз – Айгүл Иманбаева

28 апрель 2021, 15:32
Әкем ішіп келгенде үйден безіп кететінбіз – Айгүл Иманбаева
Кино және театр актрисасы, әнші Айгүл Иманбаева "Ең алғашқы" бағдарламасында ешкім білмейтін сырларымен бөлісті. 5 жасында ата-анасы ажырасып кеткеннен кейін, әкесін қайта қабылдау, кешіру қиын болғандығын айтты.

Айгүлдің шешесімен 11 жыл отастық, екі қыз, бір ұлым бар. Дәм-тұзымыз жараспады. Айгүл 5 жасында кетті. Кішкене жүздетіп келемін ылғи. Келемін де қыздарымды көргім келеді. Ал олар менен қашады, дейді әкесі Серікқұл Иманбаев.

Әкесінің жиі ішіп келетіндігін актриса сол заманның талабы солай болған шығар деп болжайды. Нағашы туыстарының арасында, көрші-қолаңның ішінде ішіп алып, үйлерінде айғай-шу, ұрыс-керісті көп көрген Айгүл Иманбаева маскүнемдерге деген қорқыныш бала кезінен қалып қойғанын жеткізді.

Әкем жүз граммдатып келгенде біз шынымен үйден безетінбіз. Арықтың ішіне, сабанның үстіне, шөптің ішіне тығылатынбыз. Ішкен адамнан қорқыныш болды. Біз шынымен қатты қорқатынбыз. Жүз граммнан қалған бала кездегі қорқыныш осындай болды, - дейді Айгүл Иманбаева.

Бала күнгі қорқыныштар мен өкпе-назды ұмыту үшін актрисаға 40 жыл қажет болған. Бүгінде әкесінің жаңа отбасымен, ағайын-туыспен жақсы қарым-қатынас орнатқан.

Соңғы жылдары ұлым үйленді. Сол кезде Айгүл маған хабарласты. Балаңыз үйленіп жатыр, шешеміз бізді күлге аунап тапқан жоқ, сіздің де балаңыз емес пе? Тойына кел!-деді. Сондай дөрекі сөйледі, сен деп сөйлегенін мен көңіліме алдым. Ашуландым, бармаймын деп телефонды тастай салдым. Бірақ жолдастарым бұл маған берілген мүмкіндік екенін, бала-шағаммен араласудың уақыты келгенін түсіндірді. Тойға бардым. Айгүлдің өзі күтіп алды. Телефонмен дөрекі сөйлескенімен, кездескенде жылы жүздестік, - деді әкесі Серікқұл Иманбаев.

Әкесін кешіріп, қабылдаған Айгүл Иманбаева енді тұрмыс құруға жолы ашылатындығына сенімді. Жасы қырықтан асқан актриса алдымен өзі теңін тауып, тұрмысқа шығып, кейін ұлын үйлендіретінін жеткізді.

Үйде Асылжан келін түсірсін деген әңгіме басталса, мен асықпаңдар алдымен мен кетем, одан кейін Асылжан үйленеді деймін. Балам "Сендей әйел жалғыз болмау керек, өзіңді қадірлейтін қасыңда азаматың болсыншы" деген кезде түнімен жылап шыққаным рас, дейді Айгүл Иманбаева.

Баласының рұқсатын алған, бұрынғы күйеуімен сыйластығын сақтап қалған актриса енді жолының ашылатынына сенімді. Әншінің анасы да қызының тұрмыс құрып, отбасылы болғанын қалайды.

Айгүл Иманбаева өзінің алғашқы махаббатын да есіне алды. Актрисаның айтуынша, жігітпен қосылуына анасы қарсы болған. Бала махаббаттың тоғызыншы сыныпта басталып, өмірінің жарты жолына дейін жалғасып, неге баянсыз болғанын әнші былай жеткізді.

Алғашқы махаббатым мені іздеп қалаға келгенде бетін қайтардым. Енді келме, менің жігітім бар дедім. Ол үйленбей өте ұзақ жүрді. Тіпті мен Сәбитпен тұрмыс құрып, арада бала болған кезде де үмітін үзбеді. Мен айырылысқаннан кейін тағы келіп сөз салды. Қосылайық деді. Мен балалы, ажырасқан әйелмін. Сен әлі үйленбеген бойдақсың. Біз тең емеспіз, өз сыңарыңды тап дедім. Ол кезде де үмітін үзе алмай он жылдай жүрді. Соңында менің оған қосылмайтынымды түсінгендей болып, үйленді. Бірақ, көп ұзамай жүректен қайтыс болды. Артында ұлы қалды, деді Айгүл Иманбаева.

Анасының қаталдығынан алғашқы махаббатына қосыла алмаса да, ұлының әкесімен тұрмысы баянды болмаса да, өмірінің бір сәтіне де өкінбейтін актриса бақыттымын дейді.

Просмотров материала: 3 336

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 141 830 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 141 632 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 141 287 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 141 312 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 141 619 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 409 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 569 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 696 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 154 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 350 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 469 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 780 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 821 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 702 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 523 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 656 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 812 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 484 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 841 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 581 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 585 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 430 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 267 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 514 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 456 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 970 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 375 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 302 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 536 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 888 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 297 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 285 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 328 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 272 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 493 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 639 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930