21 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматы перзентханасына құжатсыз түскен әйел өзі босанған сәбиін ала алмай жүр

22 ноябрь 2018, 11:12
Алматы перзентханасына құжатсыз түскен әйел өзі босанған сәбиін ала алмай жүр


Алматылық келіншек бір айлық сәбиін перзентханадан ала алмай жүр. Дәрігерлер төлқұжатың жоқ деген желеумен баласын бермей жатыр екен. Оны бір аптаның ішінде жасатпасаң, шақалақты балалар үйіне өткіземіз деген талап қойыпты. Ал, 29 жастағы әйел 15 жыл бұрын Өзбекстаннан көшіп келгелі әлі құжат рәсімдемегенін айтады. Бірақ, жеті жыл бұрын тұңғышын дүниеге әкелгенінде бауырыма басып, емізіп едім деп зар жылауда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Екі көзінің жасы бір айдан бері тыйылмаған келіншек өзін Лина Ілиясовамын деп таныстырды. Тамағына тұрған өксігіне тұншығып, әрең сөйледі. №3 перзентхананың есігін торауылдап, сәбиіне жасанды сүтті күнді тасимын дейді. Өйткені, отыз күн бұрын босанған келіншек баласын бір апта ғана емізіпті. Одан кейін, дәрігерлер жеке басыңды растайтын куәлігің жоқ деп шығарып жіберіпті. Ал, қызын құжатың рәсімделген соң береміз деген.

“Мен ақылы палатада жаттым. 205 мыңды қолдарына санап бердім. Түбіртегі бәрі өздерінде. Жылай-жылай жасым таусылды. Дәрігерлердің кесірінен сүтім тартылып кетті. Олар ақша аларда құжат сұрамай, баламмен үйге шығарда неге құжатымды сұрап отыр?” – дейді қала тұрғыны Лина Ілиясова.

Сөйтсе, 29 жастағы Лина Ілиясова отбасымен Өзбекстаннан 15 жыл бұрын көшіп келіпті. Мектепті де осында оқыған. Қолында Туу туралы куәлігі ғана бар. Әке-шешесі маскүнемдікке салынып, жоқ болып кетіпті. Ал өзі Қазақстан азаматтығын алмаған. Өзбекстан азаматтығында бар-жоғын да білмейді екен. Сондықтан, жеке куәлік жасатарда көші-қонда біраз қиындықтар болып, сол бойы ала алмаған. Еш жерде тіркеуі де жоқ екен. Кесірінен білім алмаған. Некесі де қиылмаған. Алайда, бірінші баламда құжатсыз-ақ иіскеп, оған құжат та алдым дейді.

“Мен қызымнан бас тартып тұрғаным жоқ. Менің тағы үлкен ұлым бар. Жасы 8-де. Туу туралы куәлігі бар. Менде жоқ болғанымен оған кезінде жасаттым. Мен баламнан бас тартқан жоқпын. Маған бір апта уақыт беріп отыр. Егер құжат әкелмесең, балалар үйіне өткіземіз дейді” - дейді қала тұрғыны Лина Ілиясова.

Онсыз да көші қонның табалдырығын тоздырған келіншек құжат жасау бір апта түгілі бір жылда бітетін тірлік емес дейді. Балалар үйіне өтіп кетсе, куәліксіз өзімнің қызым екенін дәлелдеу тіпті қиын деп отыр. Ал, №3 перзентханада акушер не геникологты таппадық. Тек заңгері рәсімделген бірде-бір құжатын көрсетпей, сәби аурушаң деп қысқа қайырды. Анасымен бірге жіберу үшін құжатын күтіп отыр екен.

“Лина Ілиясова өзінің жеке басын растайтын құжатты әкелген уақытта ғана біз баланы бірге жібере алмаыз. Оған дейін сәби перзентханада болады. Күнде келіп, көріп тұрады. Ешкім шақалақты тартып алмайды, тек құжатын әкелсін де, баласын алып кетсін” – дейді №3 перзентхана заңгері Назар Сарлыбаев.

Босануы керек болған соң, келіншекті құжатсыз-ақ қабылдауға мәжбүр болдық дейді перзентханадағылар. Тіпті, мемлекеттік мекеменің дәрігерлерінің ақылы көмек көрсетуі де заңды екен. Енді тағы бір апта күтеміз, құжаты болмаса, мемлекеттік қамқоршыларға хабарласамыз дейді. Ал, адвокаттар еліміздің Ата заңында ана мен баланы құжат үшін айыруға болатын бірде- бір бап жоқ дейді.

Бүгін Лина Ілиясова полицейлерге арыз жазуда. Құжатын рәсімдеуге де кірісіп кетті. Бірақ, қаптаған қағазбастылықтан мұның жуық арада шешілетін түрі жоқ. Ал, перзентхананың перзентті бір айдан артық ұстауға болмайтынын ескерсек, мемлекеттік қамқоршылар балалар үйіне өткізіп жіберуі де әбден мүмкін.


[img]https://www.youtube.com/watch?v=1hco1BCG1mA&feature=youtu.be[/img]
Просмотров материала: 1 856

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 127 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 959 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 601 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 627 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 932 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 467 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 646 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 713 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 899 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 046 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 424 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 647 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 115 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 481 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930