24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Көше бойларында ломбард қаптады: халықтың әл-ауқаты қандай дәрежеде?

16 ноябрь 2018, 10:58
Көше бойларында ломбард қаптады: халықтың әл-ауқаты қандай дәрежеде?


Елімізде кейінгі уақытта ломбард ашып, бизнес жүргізу көптеп белең алды. Мұндай орталықты тіркеу үшін көп құжаттың қажеті жоқ. Нарыққа бір қарап, кәсіпкер пайыздық үстемақыны өзі қояды. Әрі қарай, жарқыратып жарнама жасаса болды. Жарықты көрген көбелектей көпшілік алтыны мен тон-ішігін алып өзі-ақ ағылады. Бұл бизнестің біз білмейтін қандай көлеңкелі тұстары бар? Депутаттарды мазалаған нендей түйткіл? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Ломбард, ломбард, ломбард. Астанадағы біз жүрген бір көшенің бойында нақты қандай ломбардтың бар екенін кесіп айту қиын. Анығы мынау. Көшені былай қойғанда бір тұрғын үйдің астында үш бірдей бағалы заттар мен қымбат бұйымдарды қабылдайтын орталық жұмыс істеп тұр».

Астана көшелерін аралап көрдік. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған ломбард. Солардың біріне бас сұқтық. Иесі Сәнбідек Дүйсенбековтің серіктестерімен аталған бизнесте жүргеніне 10 жылға жуықтаған. Бүгінде еліміздің 4 қаласынан бөлімше ашыпты. Бұған қоса елордада 4 орталықтары жұмыс істеп тұр. Күніне кемі 30-40 адам келеді екен. «Құжатымыз дұрыс, ұрланған дүниелерді қабылдайтын әдетіміз жоқ» деп сендірді.

«Ішкі істер басқармаларымен жұмыс жасаймыз. Әрбір районда қандай обьект тіркелген сол бойынша. ІІБ арнайы хаттамалар жібереді. Ұрланған, ұрлайтын адамдардың тізімін жібереді. Сол бойынша біз филиалдарға жібереміз. Бізге адам келгенде сол тізімнен өтеді. Содан кейін барып қаралады» - ломбард директоры Сәндібек Дүйсенбеков.

Сонда ұрланған тауарлар қайда өткізіледі? Кәсіпкер былай түсіндірді. Бүгін ашылып, ертең жоқ болатын күмәнді ломбардтар, базар маңындағы кішкентай дүңгіршектер ұры-қарылардың негізгі нүктелері болуы мүмкін. Ал, біз жолықтырған тұрғындар болса «ломбард казино сияқты, олар ешқашан ұтылмайды» деген пікірде.

«Халықтың жағдайы қысылғаннан кейін амал жоқ ақшалары жетпейді, зартплата аз, жұмыс жоқ. Аз болса да салады тапқан таянғанын. Бұл ақша табудың ломбардтықтар үшін ең жақсы жолы. Ашып жатыр. Ломбрадтан көп нәрсе жоқ».

«Қазір адамдарда ақша-ақша дейді ғой. Жұмыс табылмай, кейде болмай жатады. Сол кезде қысылғаннан амал жоқтан өткізеді».

Қазіргі ломбардтардың қызмет аясы кеңіген. Зергерлік бұйымдардан бастап, көлікке дейін қабылдайды. Осы ретте заңгер Жандос Тұяқов әрбір тауарға, әсіресе алтынға сатыларда қосымша құжат берілсе қадағалаудың машатақаты азаятынын айтады.

«Қазіргі жағдайдың өзінде көбіне құжат талап етілмейді алтынға. Аса бір қымбат коллекциялық бұйымдарға ғана беріліп отырады. Сондықтан сол бұйымдардың құжаттары бар. Енді біз ломбардтың жұмысын, механизмін реттеу үшін бірінші біз сатылып жатқан алтындарға оның өзіне тән белгілі, құжатын, иесін толтырып отырсақ онда ломбардтқа жұмыс жасау оңай болады және ломбардқа сондай талап қою керек» - дейді заңгер Жандос Тұяқов.

Ломбард ашу үшін құшақ-құшақ құжат жинаудың қажеті шамалы. Мұны кәсіпкерлер мойындап отыр. Ең бастысы бұл бизнесті ұстап тұру. Сондықтан ұрланған затты қабылдайтын орталықтарды тыю үшін жауапкершілікті арттыру керек деген ойлар да айтылды.

«Заңсыз ашылған кәсіпкерлікпен айналысатын ломбард сияқты мекелер ашылатын болса меніңше бұл дұрыс емес. Бұған үлкен тыйым салу керек. Құзырлы құқық қорғау органдары, лицензия беретін арнайы мемлекеттік органға жауапкершілікке тартылуы керек, тек қана берілген адам емес, берген адамды да жауапкершілікке тарту керек» - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен.

Тиынның екі жағы бар. Аталған тақырыпты талқылай отырып, тағы бір мәселенің күрделенгенін байқадық. Халықтың өмір сүру деңгейі төмендеген. «Егер ел азаматтары жалақыға дейін ақшасын жеткізе алмай, үстіндегі киімінен бастап, таққан бұйымына дейін апарып өткізетін болса бұл ойланатын проблема» -дейді Ирина Смирнова.

«Егер ломбард зат өткізіп жатқан адамнан құжат талап етіп, бұл дүниені қайдан алдың деп сұрамаса, ұрланған бұйымдарды қабылдай беруі әбден мүмкін. Осы арқылы қылмыстың саны артады. Бірінші кезекте үкімет бұған назар аударуы керек. Себебі, елімізде өмір сүру деңгейі күрт төмендеп кетті. Ал Ішкі істер министрлігі ұрлық тура көз алдында жасалып жатқан жоқ па? Осыны анықтауы тиіс» - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова.

«Анықтау керек, реттеген дұрыс, қайта қарап шыққан артық болмайды». Көбіне еститініміз осы. «Бұл іспен басқа біреу айналысса, тек қана мен емес» дегеннің керісі. Жауапты органдар көлеңкелі бизнеспен, ұрлықпен күресіп жүргенде күніне мың тауарды қабылдап, қайта сатып жатқан ломбардтарды ұмытып кетпесе болғаны.


Просмотров материала: 1 921

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 489 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 320 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 961 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 985 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 293 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 489 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 662 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 731 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 923 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 067 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 445 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 326 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 460 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 324 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 173 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930