23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шетелде көз жұмған Қазақстан азаматының балалары Сирияда қалған

Шетелде көз жұмған Қазақстан азаматының балалары Сирияда қалған
Алты жыл бұрын Мысыр еліне отбасын алып, араб тілін меңгеруге кеткен қарағандылық ауған-пәкістан шекарасында белгісіз жағдайда жолдасымен бірге көз жұмған. Ал артынан қалған балалары болса Сирия мемлекетінде белгісіз біреулердің тәрбиесінде жүрген көрінеді.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ғанибет Тәжмағанбетова соңғы рет аға-жеңгесімен бес жыл бұрын сөйлескен. Мысырдың Александрия қаласына имам оқуына аттанған азамат араға жыл салып Пәкістан жерінен бір-ақ шыққан. Содан кейін байланыс үзілген.

Тек, араға 5 жыл салып Қарағанды облысының экстремизммен күрес бөлімі Ғанибет Тәжмағанбетованы шақырып, аға-жеңгесінің және олардың үлкен ұлының көз жұмғанын жеткізген. Сондай-ақ, жат жерде Аделя есімді қызы мен Әбдірахман деген ұлының қалғанын айтқан.

«Мен Қазақстанда осындай қиын жағдайда отырған жалғыз адам емеспін. Біз 90 отбасымыз. Сол 90 отбасының 135 кішкентай бүлдіршіндері біреуге немере, біреуге бауыр. Соларды жеткізу үшін жан-жаққа хат жазып, тізім бойынша жүгіріп жүрміз. Көп адамдар Батыс Казахстаннан. Сол аналар 1,5 жыл бұрын WhatsApp-тан чат ашқан ғой. Кім не білетінін бөліседі дегендей. Көбісі ештеңе білмейді», – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Ғанибет Тәжмағанбетова.

Балалардың аман-есен екенін Ғанибетке Сириядан әлеуметтік желі арқылы хабарласқан Айдана деген келіншек жеткізген. Оларды өз тәрбиесіне алғанын айтыпты.

Бексейітов Еркін мен Теміржанова Индираның шекара қайтыс болғаны жайлы құжаттан басқа нақты дәлел қазір жоқ. Бұған қоса олардың теріс ағым жетегінде кеткеніне қарындасы сенбейді. Ендігі оның мақсаты – жалғыз ағасынан қалған балаларды елге қайтару.

«Мен және 90 ананың үміті үкіметте. Қазақстан бойынша сол жақтағы біздің 135 бүдіршін он сегізге, кәмелеттік жасқа толмаған. Олар – біздің Қазақстанның азаматтары. Ол балалардың құжаттары болмаса да, біз ДНҚ арқылы дәлелдейміз. Оған бәріміз келісімімізді береміз. Мен сияқты қарындастар, менің анам сияқты аналар жылап отыр. Ол балалардың ешқандай кінәсі жоқ қой деп ойлаймын мен», – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Ғанибет Тәжмағанбетова.

Балалар қазір Сирия мемлекетінің Абу Кемал аумағы маңындағы Сусо деген ауылда, дейді Ғабинет Тәжмағанбетова. Оларды қайтару үшін Президент әкімшілігіне, Сыртқы істер министрлігі мен бірқатар жақын орналасқан мемлекеттердің Қазақстандағы елшіліктеріне арыз жазған.

«Қайтару керек. Әрине, сол жерде бола тұра оған кері идеологияны тықпалады, оны қабылдады. Бірақ оны осы жаққа әкеліп түзеп алуға болады. Дұрыс жұмыс жасап бетін қайтаруға болады», – дейді тарих ғылымдарының докторы Асылбек Ізбайыров.

Ғанибет Тәжмағанбетованың қолында бар дерек бойынша кәмелет жасқа толмаған Сириядағы қазақстандық жеткіншектердің саны – 135.

Бірақ өткен жылдың соңында өткен жиында жат ағымның жетегінде кеткендердің басы қосылған аймақта балалардың саны одан да көп екені айтылған болатын.

«Бірден айтайын, Сирия, Ирак аумағында 16 жасқа толмаған 390 бала қалып отыр. Олардың 214-і ұл, 176-ы қыз бала. Бұл аз адам емес. Біздің алдымызда көптеген атқарылатын шаруа тұр», – дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

Осыдан 9 ай бұрын от мен жанжалдың құрсауынан 63 бала құтқарылған еді. Тағы 50 жеткіншекті қайтаруды жоспарда болған. Егер аталған бағытта жұмыс тоқтамай жалғаса беретін болса, жат жерде жүрген жастардың аяғы туған жердің топырағына тиеді.

«Әуелі анықтап алу керек. Қанша бала бар, қандай жағдайларда қалды. Дипломатиялық жолмен қайтарып алуға болады. Бірінші анықтау керек оларды. Әртүрлі цифрлар бар. Осы бағытта Сыртқы істер минитсрлігімен бірлесіп жұмыс жасауға болады», – дейді сенатор Мұрат Бахтиярұлы.

Ал, құшақ-құшақ құжатты бірқатар жауапты органдарға апарып, алыста қалған бауырларына арашашы болғысы келетін Ғанибет Тәжмағанбетоваға, әзірше күтуден басқа амалы жоқ.
Просмотров материала: 2 977

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 385 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 218 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 858 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 882 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 191 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 481 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 656 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 724 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 914 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 057 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 437 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 323 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 354 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 320 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 365 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 175 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930