21 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Астанада босанғаннан кейін көз жұмған әйелдің туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Астанада босанғаннан кейін көз жұмған әйелдің туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр Өмірге сәби әкелмек болған осымен төртінші жан перзентханада көз жұмды.

Бала бақытын көрмей, бақилық болған келіншектің туыстары оның ажалына ақ халаттыларды айыптауда. Ал дәрігерлер болса, өздеріне шаң жуытпай әлек. Бұл туралы stan.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің денсаулық сақтау министрі, көз жұмған 4 нәзік жанның бірі шылымқор болса, кейбірі тіркеуге уақытылы тұрмаған деген деректі алға тартты. Ең сорақысы, жыл басынан бері босануға келген 31 әйел қайтыс болған.

«Мен өз әйелімді білемін. Денсаулығы жағынан бәрімізді қарайтын адам болды. Сондықтан, ауырған адам деп айта алмаймын», – дейді қайтыс болған босанушы келіншектің күйеуі Сапар Әміртай.

Әйелінен қапияда көз жазып қалған жанның бірі Сапар Әміртай. Қазір айдай жары болған Айдансыз күндер кешуде. Отыз бір жастағы марқұм екінші қызын өмірге әкеліп, өзі бұл өмірмен қош айтыса барды. Қайғыдан қан жұтып отырған күйеуі әйелінің жүктілік кезеңі жақсы өткендігін айтады.

«Жүкті болған кезде ешқандай ауырған жоқ. Өйткені өзін жақсы сезінді. Уақытысында талдау тапсыратын кезде тапсырады. Серіктестік босану болған кезінде мен қасында жүрдім, ол өзін жақсы сезінді. Босанғаннан кейін де өзін жақсы сезінгеннен кейін, мені шығарып салған. Одан кейін не болғаны туралы ештеңе айта алмаймын», – дейді марқұм болған келіншектің күйеуі Сапар Әміртай.

Жас келіншектің артынан 2,5 жасар тұңғышы мен қырқынан шықпаған қызы қалды. Биыл жыл басынан бері жалпы, 31 сәби дүние есігін аша сала, анадан жетім атанды. Соңғы қайғылы жағдай күні кеше ғана Астанада тіркелді.

«Отыз төрт жастағы қайта босанушы Астана қаласының №2 перниаталдық орталығына келіп, 15 шілде күні түскен. 16 шілде күні өздігінен табиғи жолмен босанды. Босанудан кейін жағдайы нашарлады. Қолдан келген барлық жағдай жасалды. Бірақ, өкінішке орай, осындай жағдай болды», - дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының акушер-гинекологі Гүлнәз Досмырзаева.

Осылайша, Астанада жаңа босанған төртінші әйел о дүниеге аттанды. Мәселе Үкіметке де жетті. ҚР Премьер-Министріне есеп берген қала әкімі ана өлімі себебін анықтау үшін Еуропадан мамандар шақырылатынын айтты.

«Тәуелсіз сараптама жүргізу үшін акушерлік-гинекологиялық көмек үшін Еуропаның мықты деп саналатын мамандарын шақырып отырмыз. Мәселе бақылауда», - дейді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Өңірлердегі жағдай да ақсап тұр. Көштің басын оңтүстік өңірі бастайды. Бірақ, ондағы туу көрсеткішін ескерсек, Ақмола облысындағы жағдай сын көтермейді. Жылына жиынтығы 60 әйел көз жұмады екен.

«Әрбір ана және бала өлімі жағдайында арнайы стандартталған тексеріс зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде, қажетті әкімшілік шаралар қабылданатын болады» – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, көз жұмғандардың жартысынан астамы есепке кеш тұрған. Қалаберді патологиялық аурулары болған. Мұндайда бала көтеруге болмайды. Ал елордада қайтыс болған үшінші келіншек ерте жастан темекіге әуес болған көрінеді.

«Екі қабат болып жүріп, үш түрлі препаратпен емделген. Оның үстіне, 19 жасынан бастап күніне 20-30 реттен темекі шегетін болған. Қазаның басты себебі осыдан деген ойымыз бар», - дейді қалалық №1 перинаталдық орталық директорының орынбасары Ербол Әубәкіров.

Ал Астанада жаңа босанған үш бірдей ананың мәйтінін шығарған перинаталдық орталықта жүкті әйелдерді қабылдау уақытша тоқтатылған еді. Онда тиісті тексерулер жүргізіліп, оның нәтижесі он күн ішінде шығуы тиіс болатын. Алайда, бұл мерзім өтіп кеткенмен, сараптама қорытындысы әзірге шыққан жоқ. Ал өткен аптада осы перинаталдық орталықтың қайтадан жұмысын бастағаны хабарланды. Алайда, әзірге онда жүкті келіншектер босанып жатқан жоқ. Басқа перзентханаларға жөнелтілуде.
Просмотров материала: 2 604

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 126 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 959 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 600 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 626 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 931 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 467 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 646 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 713 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 899 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 046 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 424 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 647 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 115 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 481 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930