24 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



20 минут ән айтқаны үшін 1 млн теңге алатын қазақстандық әншілер салық төлеуден қашып жүр

24 апрель 2018, 13:23
Небәрі 40 минутта екі миллион теңгеден астам таза табыс табатын эстрада әншілері неге салық төлеуден қашқақтайды? Олар неге ашық сұхбат беруден бас тартты? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Тойда дәуірі жүріп тұрған отандық шоу-бизнес жұлдыздарының салық төлеуден қашатыны жайлы ақпараттар әлеуметтік желіде жиі талқыланады. Тіпті, осыдан бірнеше жыл бұрын мемлекеттік кірістер департаменті салықтан жалтарған өнерпаздардың тізімін жариялаған болатын. Оның ішіне Асхат Тарғын, Жанар Дұғалова, Бүркіт, Әлішер Кәрімов те кірген еді. Жұлдыздарды сан соқтырған мәліметтен кейін бе, көпшілігі салықты уақытылы төлеуге көшіпті. Бірақ бәрі емес.

«Біз басында түсіндіру жұмыстарын жүргізгенде, әншілерге 1 миллион теңге табатын болсаңыз, 30 мың теңге табыс салығы мен әлеуметтік сақтандыруға төлейсіз деп түсіндіріп айтқан кезде, олар айтты, бұл деген ештеңе емес екен ғой деп, шын мәнінде түсіндіру барысында түсінді» – дейді ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Олжас Отар.

Бүгінде елімізде 2 337 шоу бизнес өкілі жеке кәсіпкер болып тіркелген. 2017 жылы олар мемлекеттік қазынаға 64 миллон теңгеге дейін жеке табыс салығын аударыпты. Мәселен, танымал жұлдыздардың бірі Айқын Төлепберген басқаларды қайдам, өз басым «қарыздан адамын» дейді.

«Қазақстан азаматы ретінде мен салық төлеймін. Әнші ретінде де өз ИП-ым бар. ИП бойынша 10 миллион теңгеден 3%, сонда жылына 300 мың теңге налог төлеп тұрамын жыл сайын. Соңғы 3 жылда 1 миллион теңгеден салық төледім. Оған дейін де салық төленіп тұрды» – дейді әнші Айқын Төлепберген.

Салық төлейсіз бе деген сұраққа жауап алу үшін еліміздің бірнеше танымал жұлдыздарына хабарластық.

Айдана Меденова, Төреғали, Камшат Жолдыбаева, Мөлдір Әуелбекова, Ерке Есмахан уақыттары болмады ма, түсірілімге келісуден үзілді-кесілді бас тартты. Ал еліміздің еңбек сіңірген қайраткерінің бірі Маржан Арапбаева «салықтан қашпаймын» дейді.

«Қазіргі таңда концерттерде өте жақсы, гонорары да өте мықты. Әрине қазақтың тойы бітпесін деп тілейміз. Той да, концерт те жақсы ғой. Әрине бәрі заңды түрде, көптеген концерттік бағдарламаға қатысқаннан кейін оның барлығы перечисление дейміз ғой ИП, ТОО арқылы өткізіліп жатады. Ол жерде міндетті түрде салық төлейміз» – дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева.

Ғаламтор беттерінде жариялғанған ақпаратқа сәйкес, бүгінде ең қымбат әншілердің көш басында Төреғали Төрәлі тұр. Оның гонорары – 2 640 000 теңге құрайды. Ал Қайрат Нұртастың сыйақысы 2,5 миллион теңге! Ал қыздардың арасында ең көп табыс табатындардың бірі – Ерке Есмахан. Ол 40 минут ән салғаны үшін 2 000 000 теңге алады екен.

Осылайша, салық декларациясына сүйенсек, жұлдыздар әр тапқан табысының 3 %, ал патент негізінде жұмыс істесе 2% төлеуі қажет. Бірақ оны да елеп-ескеріп жатқандары шамалы. Ал ақын Талант Арынғалидің айтуынша, арнайы жүйе болмағандықтан әр тойдан нақты кімнің неше тапқаның білу мүмкін емес.

«Тойдан салық алу меніңше арнайы бір заңы, жүйесі болмаса, негізсіз шығады. Бізде көбіне өнер жұлдыздары ешқайда тіркелмеген ғой. Бізде ешқандай негіз жоқ қой. Ешқандай қолдау жоқ. Сосын әркім білгенін істейді. Білгенін істегеннен кейін әр түрлі жағдайлар туындайды» – дейді ақын Талант Арғынғали.

2017 жылдан бастап табысын жасырып, салық төлеуден жалтарған шоу-бизнес өкілдеріне қатысты заң күшейтілді. Олар енді арнайы ескертуден кейін, берешектерін төлемесе үлкен соммада айыппұл арқалайды. Ал оған да құлақ аспаса, банктік есепшоттары жабылып, шетелге шығуға тыйым салынды.
Просмотров материала: 6 666

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 489 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 320 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 961 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 985 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 293 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 489 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 662 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 731 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 923 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 067 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 445 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 326 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 652 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 548 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 460 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 656 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 324 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 669 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 430 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 362 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 294 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 173 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 149 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 368 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 696 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 118 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 135 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 177 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 333 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 484 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930