23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АТАМНЫҢ БАСЫ ЖАТҚАН САЙДА НЕҢ БАР?

АТАМНЫҢ БАСЫ ЖАТҚАН САЙДА НЕҢ БАР? Шым-шаһардағы «Қасірет» сайына ойын-сауық орындары мен әкімшілік-іскерлік кеңселер салынғалы жатыр деген жайсыз жаңалықты есіп жағамды ұстадым.

Қасірет сайында кімнің ата-бабасының көміліп, қанша адамның атылғаны белгісіз. Белгілісі, ол қуғындалған қазақтардың қаны төгілген кепиетті - жер. Ол - зират. Ол сайда ашаршылық жылдары опат болған қазақтар да, Сталиннің қанды қылышынан да қырылғандардың сүйектері шашылып жатыр.

Сай болса да, осы уақытқа дейін жай жатқан жер еді. Ол жерге ешкім көз тіккен де, қызыққан да емес. Өйткені ол сайдың жұрттың бәрі бабалар бейіті деп қадірлейді. Адам аяғы баспақ тұрмақ, мал да жайылмайды, онда.

Қала әкімінің қалауы сол сайға түсіп қалғанын қараңызшы.

Мен осы шаһар басшысына қайран қалам! Ой-шұқырлы жолдарға қаржы жұмсаудың орнына, велосипедке арнап жаңасын саламын деп біраз жұртты әбден әбігерге түсірді. Адам жүретін тротуар жоқ көшелер барда, великке арналған «тропинка» зәру боп қапты ма? Былтыр «сұлулық сайысына түсетін шығар» деген ем, айтқаным айдай келді. Алматылық әріптесі екеуін сайттар сынға салғаны бар.

Қайдағы бір Лас-Вегасты армандайды. Соған қарағанда ойын-сауық отаулары самсаған елдер өркениетті көріне ме, қалай? Шұрық тесік жолдарыңдың жамап-жасқап алшы, алдымен. Елбасының айтқаны бар еді, «Өркениетті мемлекеттің байлығы жолдарынан білінеді» дегендей.

Бұрынғының басшылары алдымен коммуналдық жүйеге мән беруші еді. Таңғы сағат 6:00де қаланы аралап, арық-атыздарды тазалаған талай әкімді көргенбіз. Ал, қазіргі жас әкімдер алыс-жақын шет елге барып-келіп-ақ «шаршап» жүреді. Шымкенттің барлық проблемасы шешіліп, сол сайдан ғимараттар салу ғана қалғандай ғой, бұл әкімге де.

«Қасірет» сайынан әкімшілік-іскерлік кеңселер мен ойын-сауық орталықтарын салу жобасы қаланың бас жоспарына әлдеқашан енгізіліп қойған екен. Негізі ондай қоғамдық орындардың нобайын бас жоспарға енгізбек тұрмақ, алдымен халықтың талқысына салып алатын сияқты еді. Ал, бұлар бұқарамен санасуды ұмытып кетеді.

Қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің мамандары ол маңда ешқандай мола жоқ дегенді алға тартады. Ал жергілікті тұрғындар адам сүйектерінің жиі табылатынын айтады.

Шымкенттік ақсақалдардың өкпесі орынды. Қасіретті сайда марқұмдардың қалай өлгені мен көмілгенін көрген көнекөздері де бар. Сондықтан ол жердің «ойынсайға» айналғанын қаламайды.

Бұл мәселеге жан-жақты мән беру керек. Қазіргі ұрпақ сонау аштықтың да, саяси қуғын-сүргін кезеңінің де, бертіндегі Желтоқсан көтерілісінің де тарихын біле бермейді. Ұлт зиялыларын танымайтыны баршылық. Олар тоталитарлық режимнің қандай болғанын елестете де алмайды.

Өйткені олар санасы таза, Егемен елдің еркін өсіп келе жатқан ұландары. Әйтеуір, сайын далада томпиған төмпешіктер, ескерткіш, құлпытастар мен осындай сайлардың маңынан өткенде бір сәт ойлануы мүмкін. Сол үшін де тарихи орындар жәдігер ретінде сақталуы тиіс.

Ал, енді мынау жоба қариялардың «тәйт» дегеніне қарамай кәдеге асырылса, нағыз әруақтардың басына әңгір таяқ ойнатудың кері болайын деп тұр ғой. Атамның басы жатқан сайда нең бар еді, әкім мырза-ай!

АТАМНЫҢ БАСЫ ЖАТҚАН САЙДА НЕҢ БАР?Мөлдір Нұрман, Матрица.kz
Просмотров материала: 9 295

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 278 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 110 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 751 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 775 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 083 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 652 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 907 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 053 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930